Жаңалықтар
1 мин оқу 224

Ақпараттық стандарттарға ерекше назар

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында А.Жұмағалиев азаматтық авиация саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Марат Тәжин министрге әуежайлар мен әуе компанияларында жолаушыларға қызмет көрсетудің ақпараттық стандарттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

Бөлісу:
Ақпараттық стандарттарға ерекше назар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар