Аймақтар
1 мин оқу 255
Түлкібаста биыл алма бауының аумағы 100 гектарға ұлғаяды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Түлкібас ауданында биыл 100 гектар жерге алма отырғызу жоспарланған, оның 50 гектары қарқынды бау болмақ. Бүгінгі таңда 78 гектарға алма ағашы отырғызылды.</p>

Ауданда алма бауының аумағы жылдан жылға ұлғайып келеді. Мемлекетік бағдарламаға сәйкес 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі 2578 гектарға жеткізілген болатын. Ал алдыңғы жылы аудан көлемінде рекордтық өнім – 25 мың 150 тонна алма жиналған. Былтыр ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 000 тонна болды.
Сондай-ақ алма өнімін қыста сақтау мақсатында ауданда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы 8900 тонна. Биыл ауданда жалпы жеміс-жидектің көлемі 3335 гектар болып отыр.
Бөлісу: