Әлем
1 мин оқу 231

Тамаш Аян қызметтен кетті

<p style="text-align: justify;">Ұзақ жылдар бойы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының &nbsp;(IWF) президенті болған Тамаш Аян өз қызметінен кетті.</p>

Тамаш Аян қызметтен кетті

Үстіміздегі жылдың басында Германияда Аян жайында фильм шықты. Немістердің ARD арнасынан көрсетілген сол фильмде айтулы азаматтың жемқорлыққа тікелей қатысы бар екені айтылды. Сондай-ақ спорттың бұл түрінде допингке қарсы күрес өз деңгейінде жүргізілмей, Аян мырза көптеген деректерді жасырып қалғаны жайында да баяндалды.

Фильм жарық көргеннен соң дау-дамай басталды. Тергеу амалдары аяқталғанша федерация президенті 90 күнге жұмыстан шеттетілді. Ал күні кеше Аянның қызметтен кеткені белгілі болды.

81 жастағы Томаш Аян 1975-2000 жылдар аралығында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы болды. Содан кейін 20 жылға жуық уақыт осы ұйымды басқарды. Аян мырза Қазақстанға да бірнеше рет келіп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен әлем және құрлық чемпионаттарының тұсауын кесті.     

Бөлісу:
Тамаш Аян қызметтен кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар