Аймақтар
1 мин оқу 524

Түркістан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді - археолог

<p style="text-align: justify;">Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын - Ресей ғалымдары, Кеңес Одағы ғалымдары және Тәуелсіздік тұсындағы зерттеулер деп үшке бөледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеу 1865 жылдан басталған. Ал кесенеде жөндеу жұмыстары Абдулла хан (1582-1598жж.) тұсынан бері әр кездері атқарылып келеді. Нақты ғылыми реставрациялық жұмыстар 1928 жылдан басталған. Қазіргі кезде&nbsp; 11-ші жөндеу және реставрация жұмыстары жүргізілуде.</p>

Түркістан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді - археолог

Бұл деректерді тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаев «Түркістан өлкесіндегі археологиялық зерттеулер» тақырыбындағы тарихи шолуында мәлім етті. Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тікелей көрсетілімде өткізген алғашқы онлайн кездесуде қорық-музейдің ғылыми қызметкері Марат Қымызұлы Түркістан қаласын зерттеу, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу аясында анықталған тарихи деректер, қазба жұмысының маңызы жөнінде әңгімелеп, көрермен сауалына жауап берді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қорық-музейдің фейсбук парақшасында өтетін онлайн дәрістер мен шолуларға Түркістан тарихына қатысты зерттеулер жүргізген елімізге белгілі ғалымдар мен тарихшылар, археологтар, тарихи жәдігерлерді күтіп-баптау ісіндегі тәжірибелі мамандар қатысатын болады. Сондай-ақ, тарихи жәдігерлерді сақтау, қорғау және қалпына келтіру жұмыстары бойынша халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының мамандарымен де шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ.

еп
Тарихи орындар мен жәдігерлер жайлы онлайн экскурсия жасау, оқырмандармен тікелей эфир арқылы байланысқа шығу да қорық-музей қызметкерлері төтенше жағдай кезінде қолға алған игі істердің бірі.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Түркістан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді - археолог · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар