Аймақтар
1 мин оқу 120

Дезинфекцияны автоматты түрде жасайды

<p style="text-align: justify;">Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тікелей эфир арқылы брифинг өткізіп, халыққа облыстағы бүгінгі ахуал туралы баяндап берді. Алдымен ол аты жаман індетке қатысты соңғы деректерді айта келіп: &laquo;Бұл біздің жіті жұмыс істеп жатқанымыздың нәтижесі. Мен індетпен күресіп жатқан медициналық қызметкерлердің бәріне тағы да алғысымды білдіремін&raquo;, деді.</p>

Дезинфекцияны автоматты түрде жасайды

Әкімнің айтқан соңғы жаңа­лық­тардың бірі – қатарында кәсіп­орындар мен мекемелер өзінің өндіріске аса қажетті мамандарын автобустармен жет­кізетіні айтылды. Ал ав­тобуста адамдар бір-бірінен алыс отыру үшін жартылай ғана толықтырылады. Салонның үнемі дезинфекциялануы талап етіледі. Кәсіпорындар мен мекемелердің кіреберісінде міндетті түрде алыстан анықтай­тын термометрлер болуы керек. Ыстығы сәл көтерілген адам болса, жұмысқа жіберілмейді. Со­нымен қатар осындай термометр­лер­мен барлық супермаркеттер жарақ­тандырылуы керек. Ыстығы бар адам дүкенге кіргізілмейді, тек тамақ­ты алып келуге тапсырыс бере алады.

Құмар Ақсақалов айтқан ерекше жаңалықтың бірі – жергілікті «Ра­дуга» ЖШС дезинфекцияны авто­мат­ты түрде жүргізетін құрал жа­сай бас­тапты. Мұндай конструкция­лар үл­кен гипермаркеттер мен супер­маркеттердің кіреберістеріне орнатылмақ.

Сондай-ақ әкім «сая­жай­ға шы­ғамыз», «итімізді да­ла­ға қыдыртамыз» деген ті­лек­те­ріңізді әзірге қоя тұрула­ры­ңыз­ға тура келеді», деп тұр­ғын­­дар­ға ескертті. «Қазір поли­ция­­ға ке­ңейтілген өкілеттілік бе­­ріл­ген. Сондықтан олар еште­ңе­ге қарамай, тұтқындау немесе айып­­пұл салу шараларын жиі қол­­дануда. Ескертудің уақыты өткен», деді әкім.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Дезинфекцияны автоматты түрде жасайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар