Қоғам
2 мин оқу 392

Қорғаныс саласы қосымша шаралар қабылдайды

<p style="text-align: justify;">Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде қорғаныс ведомствосының және Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы бейнебайланыс арқылы төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге қатысудың аралық қорытындыларын шығарып, алдағы міндеттерді айқындады.</p>

Қорғаныс саласы қосымша шаралар қабылдайды

Жекелеген өңірлердің бас­шы­­лары қабылдаған шектеу ша­ра­лары жағдайында Қазақ­стан­­ның 19 қаласында әскери қызметшілер блок-бекеттерді күшейту және патрульдік қыз­ме­тін атқарады. Үш апта ішінде қоғамдық тәртіпті бұзудың 270 фактісі тіркеліп, әскери қыз­­метшілердің тікелей қаты­суы­мен блок-бекеттен өткізу тәртібін бұзудың 270 фактісі анықталды. Блок-бекеттерде 27 тәртіп бұзушылық жақын маңдағы аумақтарды бақылауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшақтар тарапынан анықталды.

Күн сайын блок-бе­кет­терде кезекшілік ететін мың­да­ған әс­ке­ри қызметші өз ден­сау­лы­ғына қауіп төндіре отыра патрульге шығып, дезинфекция жүргізеді. Сонымен қатар қызметте тұ­рақ­ты жауынгерлік даярлық бө­лімшелері бар. Қорғаныс ми­ни­стрі Нұрлан Ермекбаев атап өткендей, барлық жеке құ­рамның денсаулығын сақтау ма­ңызды.

Осы мақсатта блок-бекет­тер­де, патруль топтарында және арнайы өңдеу жасақтарында әскери дәрігерлер күн сайын медициналық тексеру жүргізеді. Әскери қызметшілердің ден­сау­­лық жағдайына бақылау жүр­гізу және ауру белгілері не­­месе науқастармен байланысы анықталған жағдайда ка­рантиндік шараларды уақ­ты­лы қабылдау бойынша про­фи­лак­ти­калық жұмыстар жүзеге асыры­лады.

Әскери бөлімдер мен меке­ме­лердің бақылау-өткізу бекет­терінде термометриясы бар және антисептиктермен өң­дел­ген ме­дициналық сүзгілер орна­лас­тырылған. Барлық әс­кери бө­лім­дер қосымша дәрі­лік препараттармен, дезинфек­ция­лық құралдармен, меди­ци­налық мас­калармен және қол­ғап­тармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар Қарулы Күш­­тер объектілерінде про­фи­лактикалық және сани­тар­­лық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Асха­на­лар­ды, тәу­лік­тік кезекшілікте қыз­мет атқа­­ру орындарын, блок-бекет­те­рі­нің аумақтары мен әске­ри қала­шық­тар­ды дезин­фек­ция­лау­ға ерекше кө­ңіл бөлінеді.

Байланысты шектеу үшін әскери басқару органдары жеке құрамының шамамен 30%-ы ауысым режімдеріне ауыс­тырылған. Шешілетін мін­дет­тер­дің ерекшелігін ескере отырып, жеке құрамның тағы да 30%-ы үйде өзін өзі оқшаулау режімін сақтай отырып кезекті демалысқа жіберілді. Сондай-ақ Қарағанды, Талдықорған, Үшарал әскери-медициналық мекемелері халықты қа­был­дап, Денсаулық сақтау минис­трлі­гі­не көмек беруге дайын.

Қазақстан Әскери әуе күш­те­рінің әскери-көліктік авиа­циясы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына қытайлық дәрігерлер мен гуманитарлық көмекті жет­кі­зді.

Қарағанды қаласы әкім­ді­гі­нің өтініші бойынша 17 әскери медицина маманы пандемияға қар­сы күресте көмектесіп жа­тыр. Коронавирусты емдеуде тәжірибесі бар қытай­лық дә­рі­герлер әскери-ме­ди­ци­на­лық қызметтің даярлығы туралы кон­ференция өткізді. Оған әске­ри дәрігерлер де қатысты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Төтенше жағдайда және карантин режімін қам­та­масыз ету жөніндегі іс-шара­лар­мен қатар, әскери техниканы пай­даланудың жазғы режіміне кө­шіруді қамтамасыз етуді, осы­­ған байланысты барлық шараны қабылдауды тапсырды. Бел­гі­ленген талаптарға сәйкес барлық әскери полигондардың аумақ­тарын жаппай тазарту ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Қорғаныс саласы қосымша шаралар қабылдайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар