Саясат
2 мин оқу 230

Бес миллион бетперде таратады

<p style="text-align: justify;">Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, тұрғындарға бетперде тарату жұмыстарын бастайтындарын мәлімдеді.</p>

Бес миллион бетперде таратады

«Өздеріңіз білетіндей, осындай қиын жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көр­сету қажет, сол себептен жасотан­дықтар қала тұрғындарына сақта­ну құралдарын тегін тарата бас­тады. Аталған 5 млн маска Елба­сы бастамасымен құрылған «Біз бір­геміз!» қоры арқылы сатып алын­ды», деді Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ ол негізгі басым­дық аз қамтылған көп балалы отбасыларға, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге бағытталатынын атап өтті. Яғни дәріханаға барудың өзі қиындық тудыратын азаматтар бірінші кезекте ескеріледі. Соны­мен қатар белсенділер осы аптада азық-түлік таратуды қайта бас­тайды. Сондай-ақ жалғызбасты зейнет­керлерді ыстық тамақпен қамта­масыз ету жұмыстары жалғас­тырылатын болады. Бұл істің бар­лығы тек волонтерлердің көмегімен іске асырылуда. Олар да бар­лық сақтану киімдерімен, бе­т­пер­де­лер­мен қамтамасыз етілген.

«Біз елорданың 40 000 отбасын маскамен қамтамасыз етуді жос­парлап отырмыз. Әрбір қорапта 50 қорғаныс құралы бар. Тек бү­гін ғана біз 2 000 отбасына 100 000 бет­перде тараттық», деді Jas Otan жетекшісі.

19 наурыздан бастап Jas Otan жастар қанатының 3000-нан астам еріктісі Қазақстан бойынша 56 мыңнан астам отбасын бірінші қа­жет­тіліктегі азық-түліктермен қамтамасыз етуге атсалысты. Күн сайын Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында еріктілер 1200-ден астам жалғызбасты зейнеткерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ олар зейнеткерлерге дәрі-дәрмектерді және қорғаныс құралдарын жеткізуді жүзеге асыруда.

Тұңғыш Президент – Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Біз бірге­міз!» қоры еліміз бойынша әзірге 152 000 мұқтаж отбасына 56 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көр­сетті. Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ларының 2000-нан астам дәрігеріне де 50 000 теңге ақшалай к­өмек жіберілді.

Бөлісу:
Бес миллион бетперде таратады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар