Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Сирия үкіметі химиялық қару қолданбаған

09 09 Siriya ukimeti

«Сирия президенті Башар Асадтың үкіметі Дамаск түбіне шабуыл жасаған кезде химиялық қару қолданған жоқ», – деп мәлімдеді Бельгияның РТЛ-ТВИ радио толқынында өткен түнде Сирия содырларының қамауынан босап шыққан зерттеуші Пьер Пиччинин да Прата. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Мұны айтуды адамгершілік міндетім деп есептеймін. Сирия үкіметі Дамаск маңайында ешқандай химиялық қару қолданған жоқ», – деді зерттеуші тонаушыларынан естіген әңгімеге сүйене отырып.

Пьер Пиччинин да Прата Италияның журналисті Доменико Куирикромен бірге бес ай бойы содырлардың тұтқынында болды. Екеуі де отандарына кеше оралды.

Айдар Өрісбаев.

Бөлісу:
Сирия үкіметі химиялық қару қолданбаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар