Аймақтар
1 мин оқу 202
Қарағанды облысы: Сәбиге де шеңгелін салды
<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 87-ге жетті.</p>

Бүгін, яғни 17 сәуір күні облыста тағы да үш адамнан аталған індеттің белгілері табылды. Ауырғандардың бірі – алты айлық сәби. Оның ата-анасы «жаман тұмау» жұқтырып, инфекциялық госпиальде жатқан екен. Ал сәбидің өзі провизорлық госпитальде болған.
Екінші науқас та Қарағанды қаласынан. Жасы 41-дегі ер адам бұрын инфекция жұқтырғандармен байланыста болыпты.
Үшінші жұқтырған – Теміртау қаласының 19 жастағы тұрғыны. Ол да бұрын ауырғандармен аралас-құрылас болған екен.
Қарағанды облысы
Бөлісу: