Аймақтар
1 мин оқу 290

Атырау: Жедел жәрдем бригадаларының саны артты

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, коронавирус инфекциясының белгісі байқалған науқастарды қадағалайтын дәрігерлер санын көбейту туралы шешім қабылданған.</p>

Атырау: Жедел жәрдем бригадаларының саны артты

Бұрын қауіпті індеттің белгісі бар адамдарды қарауға жедел жәрдемнің 3 бригадасы шыққан. Енді  5 бригада шақыртуға барады. Ал, дәрігерлер саны 40-қа дейін артқан.

– Дәрігерлердің бәрі бір және бірнеше рет пайдалануға болатын костюмдермен қамтамасыз етілді. Олар індет жұқтырған науқастарды оқшаулау бойынша арнайы курстан өткен, - дейді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Оның айтуынша, күн сайын жедел жәрдем станциясына 800-ге жуық қоңырау түседі. Ал науқастардың шақыртуына 25 бригада жіберіледі.

 

Жолдасбек Көшербайұлы

Бөлісу:
Атырау: Жедел жәрдем бригадаларының саны артты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар