423 медицина қызметкері індет жұқтырды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі коронавирустық инфекцияның ағымдағы жағдайына арналған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова хабарлады.</p>

Бас санитардың айтуынша, жағдай 13 өңірде тіркелгенімен оның жартысынан көбі Алматыда анықталған.
«Медицина қызметкерлері арасында 423 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді. Ол 13 өңірде анықталды. Жоғары көрсеткіш Алматыда – 53 пайыз. Ал Нұр-Сұлтанда – 33 пайыз, Шымкентте – 24 пайыз», деді бас санитар.
Сондай-ақ А.Есмағамбетова коронавируспен күреске тартылған дәрігерлердің жеткілікті екенін жеткізді. «Медициналық ұйымдарда дәрігерлердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында әр өңірде 10 пайыздан бастап 20 пайызға дейін резерв қарастырылған. Сондықтан бүгінгде медицина қызметкерлері жеткілікті», деді ол.