Аймақтар
1 мин оқу 1,922

Алматы облысындағы Сарыөзек кенті карантинге жабылады

<p style="text-align: justify;">Коронавирус инфекциясының бірнеше дерегі тіркелуіне байланысты індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті карантинге жабылады. Ауылдағы індет жұқтырғандар саны 6 адамға жетті.</p>

Алматы облысындағы Сарыөзек кенті карантинге жабылады

– Сарыөзек кентін толықтай оқшаулау туралы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ешкеновтың қаулысы қабылданды. Аталған қаулыда карантин кезіндегі шектеулер, санитарлық-дезинфекциялық шаралар туралы егжей-тегжейлі атап көрсетілген. Қаулы талаптарына сәйкес Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынады. Бір отбасыдан тек бір адамға ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға, бірінші кезектегі қажеттіліктер алуға шығуына рұқсат етіледі. Карантин режимін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарыөзектегі карантин 17 сәуірден 18-іне қараған түнгі сағат 00.00-ден басталып, 1 мамырға дейін созылмақ.

Алматы облысы

Бөлісу:
Алматы облысындағы Сарыөзек кенті карантинге жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар