Аймақтар
1 мин оқу 370
Қостанай облысында екі адам індет жұқтырды
<p style="text-align: justify;">Аймақта коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын қос-қостан еселеніп жатыр. 17 сәуір күні індет анықталған ер адамдардың екеуі де Жітіқара қаласының тұрғындары. Бірі - 48, екіншісі 49 жаста. Олардың біреуі бұған дейін індет жұқтырған науқаспен байланыста болған.</p>

Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сай тиісті ем-шара жүргізілуде.
Өңірлік жедел штабтың мәліметінше, осымен аймақта індет жұқтырған 9 адам тіркелді. Науқастардың біреуі 15 сәуірде көз жұмды.
Қостанай облысы
Бөлісу: