Қазақстан
1 мин оқу 170
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
<p style="text-align: justify;">18 сәуір күні еліміздің екі қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.</p> <p> </p>

Атап айтқанда, Өскемен мен Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайтыны күтіледі.
Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай нормадан ауытқымайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу: