Рысбаев пен Артюхиннің төбелесін 3.2 миллион адам көрген

Ресейдің Шайба.kz сайты YouTube арнасынан Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тарихындағы көрермендердің ең көп тамашалаған көрністердің тізімін жариялады.

Айтулы рейтингте Дамир Рысбаев пен Евгений Артюхин арасындағы айқас үшінші орында тұр. Бұл – 2015 жылдың қарашасында Санкт-Петербург қаласында жергілікті СКА мен Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубтары арасындағы бәсеке барысында орын алған оқиға. Сол кезде бойы 197 сантиметр, салмағы 120 килолық 32 жастағы еңгезердей ресейлік хоккейшімен қазақтың қайсар ұлы жекпе-жекке шықты. 19 жастағы Дамирдың бойы – 182 сантиметр, салмағы – 90 кило. Қарсыласы әлде қайда еңселі болғанына қарамастан Рысбаев одан еш қаймықпады. Қос дүлей бір-бірін ала алмайтынына анық көз жеткізгеннен соң төрешілер төбелесті тоқтатты. Рысбаев пен Артюхин арасындағы жекпе-жекті 3 миллион 200 мың адам тамашалаған екен.
Ал бұл рейтингте Павел Дацюк (3,5 миллиона) пен Никита Гусевтың (6,1 миллиона) буллит соққан сәттері көш бастап тұр.
Ал ҚХЛ-дағы тек қана төбелестерді есепке алсақ, одан Дамир Рысбаевтың алдын орайтын ешкім жоқ. Айтулы лигада небары 25 кездесу өткізген қандасымыз мұз айдынында небары 42 минут 2 секунд қана өнер көрсеткен екен. Есесіне оның айып уақыты 194 минутты құрайды.