Аймақтар
2 мин оқу 500

Полиция неге күш қолданды?

Бұл оқиға жуырда Петропавл қаласындағы бір үйдің ауласында болды. Назарбаев көшесіндегі  225 үйдің тұрғындары айғай-ұйғай, шаң-шұң шығып, біреулердің төбелесіп жатқанын көріп, дереу 102 нөмірге дабыл түсірген. Оны естіген бойында сол жерге жақын маңда жүрген полиция наряды алдымен жетеді.

Полиция неге күш қолданды?

Полицияның келгенін көріп төбелесіп жатқандардың бірі өзінің бұзақылық әрекеттерін тоқтатқан. Ал арақтың қызуынан шалықтап кеткен әйел мен тағы бір ер адам өздерінің қоғамдық жердегі өрескел әрекеттерін одан әрі жалғастырып, ауыздарынан ақ ит кіріп, қара ит шығып, тіпті жұдырықтарын да жұмсауды тоқтатпаған. Полиция қызметкерлерінің ескертулерін де құлақтарына қыстырмаған. Тіпті, полиция қызметкеріне де қол көтерген.

Басқа амалы қалмағандықтан полиция қызметкерлері олардың қолдарын бұрап, машинаның қорабына күшпен салуға мәжбүр болған. Осының бәрі сол жердегі камераның жазуына да түсіп қалған. Бірақ соған қарамай кейбір керауыздар полиция қызметкерлерін артық күш қолданды деп айыптауда.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері бейнекөріністерді көрсете отырып, журналистерге түсінік берді. «Бұл құқықбұзушылық оқиғасы азаматтардың бәрі үйлерінде отыруға тиісті карантин режімі кезінде болып отыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлеріне режімді бұзып, далада жүрген және қоғамдық орында құқықбұзушылық әрекеттер жасағандарға қатаң тәртіп талап ету құқы берілген. Мына құқықбұзушыларға сот тиісті қатаң жаза беретін шығар деген үміттеміз. Біз материалдарды сотқа беруге әзірлеудеміз», деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Марат Төлебаев.

Жұрттың бәрі ортақ қауіптен қорғанып, үйлерінде отырса кейбір санасыздар осылай көшеде төбелес те ұйымдастыруда. Ондайды ақтайтындар нені көздейтіні белгісіз.

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу:
Полиция неге күш қолданды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар