Аймақтар
1 мин оқу 432

Шымкентте «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 11 жағдай тіркелді

<p style="text-align: justify;">Ауру жұқтырған азаматтар жеке-жеке 1956 ж., 2004 ж., 1978 ж., 1981 ж., 1977 ж., 1992 ж., 1967 ж., 1946 ж., 1969 ж., 1968 ж., 1979 жылы туған Шымкент қаласының тұрғындары.</p>

Шымкентте «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 11 жағдай тіркелді

Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты үш ошақ анықталды: «Самал-2» шағынауданы, «Тассай» тұрғын алабы және Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы.
18.04. 2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды.

Шымкент

Бөлісу:
Шымкентте «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 11 жағдай тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар