Бизнес
1 мин оқу 230

Қиындықпен бетпе-бет қалдырмады

<p style="text-align: justify;">Жұқпалы індеттің жаманат хабары шыққалы ел ішіне алаң кіргені рас. Алдымен айна&shy;ла&shy;мыз&shy;да&shy;ғы адамдардың, үйдегі бала-шағамыздың аман&shy;дығын тілеп, сақтықты күшейттік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлы&shy;ғымен Төтенше жағдай жа&shy;рия&shy;ланып, коронавирустың та&shy;ралуына тосқауыл болатын шара&shy;лар қабылданғалы шаруаны жиып қойып, үйден шықпауды ұйғардық.</p>

Қиындықпен бетпе-бет қалдырмады

Бұл дертті жеңудің бірден бір жолы – әркім өз отбасын оқшау­лап, бейсауат жүрісті тыю. Ауыл-аймақ болып осы ережеге бағындық. Әрине біздің тірші­л­ігіміз сауда-саттық пен қы­змет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес саласына жататындықтан, жұмы­сы­мызды тоқтатып, табыссыз қалу оңай болған жоқ. Алакөл ауданы бойынша шағын кәсіппен айналысатын әр адам кемінде бірнеше жұмысшыны жұмыспен қамтып отырған болатын. Төтенше жағдайға бай­ланысты олар да күндік табысынан айырылды. Осы сәтте мем­­лекет қиындықпен бетпе-бет қалдырмай, табыс табу мүм­кін­­ді­гінен уақытша қол үзген санатқа қол ұшын созды. Әлеу­меттік қордан төленетін 42500 теңге өтемақыны алдым. Қара­мағымда жұмыс істейтін адамдар да төлемақыға құжат өткізіп, ақша алып жатыр. Қиын қыстау кезде қарапайым халықтың қа­мын ойлаған ел ағаларына алғы­сы­­мыз шексіз.

Елена ТУНЯКИНА,

жеке кәсіпкер

Алматы облысы,

Алакөл ауданы

Бөлісу:
Қиындықпен бетпе-бет қалдырмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар