Руханият
1 мин оқу 622

Арудың шартын бұзған жігіт (этнографиялық этюд)

<p style="text-align: justify;">Сонау бұрынғы өткен дәуірде селеуі тербелген, сайын даланың бір жігіті жат елдің аруына өлердей ғашық болыпты. Қыз айтыпты:&nbsp; &laquo;Мен саған әйел болайын, бірақ 100 түрлі шартым бар, соны орында&raquo;. Жігіт қуана&nbsp; келіседі. Алғашқы шартым &ndash; дейді қыз жігітке: биік&nbsp; жартасқа шығып секір. Жігіт оны орындап, аяғын сындырады.</p>

Арудың шартын бұзған жігіт (этнографиялық этюд)

Екінші шартым: аяғыңды ақсамай бас – дейді,  қыз. Оны да  орындайды. Сол сияқты, киімге  су тигізбей өзеннен өту, шапқан атты тоқтату, асауды ноқта-жүгенсіз үйрету, кеудесіне алма қойып қылышпен  шаптыру, тағы басқа 99 шартын мүлтіксіз орындайды.

Соңғы жалғыз шартым – депті қыз: «Енді өз ана тіліңді ұмыт». Сол сәтте  жігіт көзінен ұшқын шашып, белдеудегі  тұлпарына қарғып мінеді де, «хош» деп сағым ойнаған сар далаға сіңіп кетіпті.

Бөлісу:
Арудың шартын бұзған жігіт (этнографиялық этюд) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар