Аймақтар
1 мин оқу 314

Алматыда коммуналдық қызметтерді төлеуде өтемақы кімдерге беріледі?

<p style="text-align: justify;">Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес коммуналдық қызметтерге электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, су тарту, газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы, қоқыс шығару қызметтері жатады.</p>

Карантин режимі енгізілген өңірлерде белгілі бір санаттағы тұтынушылардың абоненттік шоттарына 2 ай бойы (сәуір, мамыр) 15 000 теңгеден өтемақы жіберіледі.

Өтемақы алушылар міндетті түрде тұрғын үйдің меншік иесі болуы тиіс:

1, 2, 3 топ мүгедектері;
мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
көпбалалы отбасылар;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Төлемді қалай алуға болады?

Ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы әкімдікке өтінім беру керек. Жеке сәйкестіндіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік дәрежесін және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу бойынша түбіртектегі жеке шот деректері көрсетілуі қажет.

Бөлісу:
Алматыда коммуналдық қызметтерді төлеуде өтемақы кімдерге беріледі? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар