Коронавирус
1 мин оқу 1,010

Алматы облысы: Коронавирус жұқтырғандар саны 50 адамға жетті

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында жұқпалы індет жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Осы сәтке дейін ауырғандар саны 50 адам болды.</p>

Алматы облысы: Коронавирус жұқтырғандар саны 50 адамға жетті

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кешкісін тағы алты адамнан алынған сынама оң нәтиже көрсетіп, індет белгісінің бар екенін айғақтаған. Науқастардың бәрі бұған дейін анықталған адамдармен байланыста болғандар екен.

Анықталған індет ошағының бірі Іле ауданында болса, қалған 5 адам Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылынан шығып отыр.

Бөлісу:
Алматы облысы: Коронавирус жұқтырғандар саны 50 адамға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар