Қоғам
2 мин оқу 200

Тіл үйренуге көмектеседі

<p style="text-align: justify;">Қашанда &laquo;бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып&raquo;, иыққа түскен жүкті бірлесе көтеретін халқымыз пандемия кезінде де өзара көмектен тартынып қалған жоқ. Biz birgemiz акциясы аясында республикамыздың түкпір-түкпірінде волонтерлер штабы құрылып, мұқтаж жандарға, қариялар мен зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға көмек қолын созуда.</p>

Тіл үйренуге көмектеседі

Карантин режімі бел­гі­ленген Қарағанды қала­сын­да бүгінде 240 волонтер жұмыс істеп жатыр. Sar­yarqa Jastary облыстық волон­­терлер штабының же­тек­­шісі Марғұлан Уәли­ұлы қоғамдық жұмыс­қа араласып, көмек қолын созғысы келген волонтерлер арнайы сайтқа тіркеліп, өздері туралы ақпарат қалдыра ала­­тынын айтты. Оның ай­туын­­ша, бүгінгідей шек­теу­лер кезінде бұл тәсіл во­лонтерлер үшін тиім­ді кө­рі­неді.

«Арнайы сайт­қа өзі туралы ақпарат қал­дыр­ған волонтер туралы дерек­тер бізге қолжетімді бола­ды. Одан кейін облыс­тың қай аймағынан, Қара­ған­ды қаласының қай ауда­нынан көмек сұрап хабар­лас­қанына байланысты сол адамға жақын тұра­тын волонтерді көмек­ке жі­бе­ре­міз. Бұл волон­тер­лер­дің қауіпсіздігі үшін де, қажет кезде жылдам көмек беру үшін де ың­ғай­лы», дейді волонтерлер жетек­ші­сі.

Волонтерлер штабына күн сайын меценаттар мен демеушілерден азық-түлік келіп түседі. Штаб күніне 5-6 отбасыны азық-түлікпен қатамасыз етіп жүр. Saryarqa Jastarу облыстық волонтерлер штабы ардагерлер, зейнеткерлер, жалғыз бас­ты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және карантинге жабылған үйлердің тұр­ғын­дарына азық-түлік, дәрі-дәрмектерді тегін жет­кі­зу­де. 7 сәуірден 15 сәуірге дейін штаб волонтерлерінің көмегімен өтініш берген 80-нен аса отбасына азық-түлік, дәрі-дәрмек тегін жет­кізіліп, коммуналдық қыз­меттер төленді. Оған қоса волонтерлер қоғамдық тәр­тіпті де реттеуге атсалы­са­ды. Мәселен, Halyk bank пен «Қазпошта» АҚ бөлім­ше­лерінің алдында жәр­дем­ақыға байланысты көбей­ген кезекті реттеуге көмектесті. «Бипэк Авто-Азия Авто» компаниялар тобы волонтерлердің жүріп-тұруы үшін көлікпен қам­та­масыз еткен», дейді Марғұлан Уәлиұлы.

Серіктестердің қата­рын­­да жергілікті кәсіп­кер­­лер, компаниялар мен мей­рамханалар бар. Атап айтар болсақ, Vogue мей­рам­­­ханасы, «900ооо09» авто­мобилистер клубы, QI Trade Kazakhstan компаниясы, «Купи мама» дүкені, Қарағанды облы­сы іскер әйелдер қауым­дас­­тығының мүшесі Гүлия Жәңгірованың демеу­ші­лі­гімен 50 аз қамтылған отбасы азық-түлік себет­тері және гигиена құрал­да­ры­мен қамтамасыз етілді.

Жалпы, карантин режімі енгізілгелі штаб телефоны­на 700-ге жуық адам хабар­ла­сып, әлеуметтік желі арқы­лы 200-ден астам өтініш келген. Облыстық волонтерлер штабы демалыссыз жұмыс істейді.

«Азамат» қоғамдық бір­лес­тігі Birgemiz: Bilim – Qaraǵandy жобасын іске қосты.

Аталған жоба аясында арнайы іріктелген волон­тер-ментор ауыл мек­теп­­терінің жоғары сынып оқу­­шыларына, оның ішін­де жетім және ата-ана қам­қор­лығынсыз қалған, аз қам­тылған, көп балалы отба­сылардың балала­рын және мүгедектігі бар балаларды ҰБТ-ға, олим­пиадаларға және ғылы­ми-интеллектуалдық кон­курс­тарға дайындап, ағыл­шын тілін оқыту, ком­пью­терлік және құқық­тық сауаттылықты артты­ру бойынша курстар ұйым­дастырады. Жоба ұйым­дас­тырушылары курстар Қара­ғанды қаласында және облыстың барлық елді­­ме­кен­­дерінде қараша айы­на дейін жүргізілетінін айта­ды. Курсқа қаты­са­тын жоғары сынып оқу­шы­­­ларын жобаның ұйым­дас­­­ты­рушылары аудандық білім беру бөлімдерімен және жалпы білім беру мек­теп­­терімен бірлесіп анық­тай­ды.

Сондай-ақ жобаға қа­ты­су үшін білім беру ұй­ым­­дарының оқыту­шы­ла­ры, жоғары оқу орындары мен колледждердің педа­го­ги­ка­лық мамандықтарының сту­денттері мен Қарағанды облысының белсенді азаматтары арасынан кемінде 100 волонтер таңдау жос­пар­лануда.

Бөлісу:
Тіл үйренуге көмектеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар