Саясат
1 мин оқу 1,032

Ерекше қамқорлықтың екінші толқыны басталды

<p style="text-align: justify;">Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен мұқтаж адамдарға тікелей атаулы көмек көрсетуді көздейтін &laquo;Біз біргеміз!&raquo; акциясының екінші толқыны бастау алды. Осылайша Jas Otan волонтерлері тағы да 10 000 отбасын азық-түлікпен қамтуды көздеп отыр.</p>

Ерекше қамқорлықтың екінші толқыны басталды

Волонтерлер үлестіретін әр қо­рапта 30 килодан астам азық-түлік бар. Оған бірінші қажет­тіліктегі азық-түлік өнімдері, жарма, макарон, күнбағыс майы және шай секілді тауарлар кіреді. Сондай-ақ азық-түлікпен бірге әр отбасына 50 бетперде табыс­талады.

6

– Акция аясында 10 000-нан астам әлеуметтік осал са­нат­тағы отбасыларды бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнім­дер­мен және бетперделермен қамта­масыз етеміз. Аталған акция ма­мыр айының ортасына дейін жал­ғасады, – деді Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде Н.Назарбаевтың баста­масымен «Birgemiz» атты қо­ғамдық қор құрылған болатын. Е.Бей­сенбаевтың айтуынша, өткен аптада аталған қор сатып алған 5 млн қорғаныш бетпердесі еліміздегі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сынды 3 ірі қала­ның тұрғындарына тараты­лып жатыр. Бүгінде 40 000 отба­сына 2 млн-нан астам бетперде үлестірілді.

Осынау игі іске еліміз бо­йынша 3000-нан астам волонтер  қатысуда. Олар 19 наурыздан бастап 56 мыңнан астам отбасын бі­рінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етуге көмек көр­сетті. Күн са­йын Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында волон­терлер 1200-ден астам жалғыз­басты зейнеткерді ыстық тамақ­пен қамтып келеді. Сондай-ақ «Bir­gemiz» қоры бүгінде аз қам­тылған 152 000 отбасына 50 000 теңгеден қаржылай кө­мек көрсетті. Осындай мөлшер­дегі қаржылай көмекті қор Нұр-Сұлтан және Алматы қала­лары­ның дәрігерлеріне де берді.

Бөлісу:
Ерекше қамқорлықтың екінші толқыны басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар