Аймақтар
1 мин оқу 221

Ақмолада түрмеден босағандар үйлеріне дейін жеткізілуде

Облыстағы түзету мекемелерінде 2 мыңнан астамадам отыр. Олардың 21-і төтенше жағдай кезінде босап шықты. Өңірде барлық жол қозғалысытоқтатылғандықтан, өңірлік пробация қызметкерлері үйлеріне дейін шығарып салуда.

Ақмолада түрмеден босағандар үйлеріне дейін жеткізілуде

Мәселен, Гранитный кентіндегі ЕЦ-166/25 жабық мекемесінен карантин уақытында 7 адам босатылған.

Бүгінде біздің жабық мекемеде 378 бас бостандығынан айырылған адам бар. Олардың 7-еуі карантин уақытында босап, үйлеріне дейін жеткізілді. Таяуда тағы жиырмасы босап шықпақ. Оларды да мекенжайы бойынша жеткізіп салу ұйымдастырылады,–дейді ЕЦ-166/25 мекемесі бастығының орынбасары Сұлтан Құсайынов.

Жалпы, карантин уақыты басталғалы көршілес облыстардағы түзету мекемелерінен босаған 20-дан астам азамат өңірдегі блок-бекеттер арқылы өткізіліп, үйлеріне жеткізілген. Тағы да 30-ға жуығын пробация қызметкерлері осы айдың аяғына дейін өңірдің шекараларындағы бекеттерден күтіп алып, шығарып салмақшы.

Бөлісу:
Ақмолада түрмеден босағандар үйлеріне дейін жеткізілуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар