Аймақтар
2 мин оқу 221

Балық аулаймын деп...

Өңірде карантин кезінде көл жағалаған балықшылардың қарасы көбейіп кетті. Қолына қармақ ұстағандар Қопа көлінің жағалауында сыңсып отыр.

Балық аулаймын деп...

Таяуда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері арнайы рейд ұйымдастырып, ескерту жасады. Иә, төтенше жағдай кезінде заң бұзған балықшылармен тілдесуге мүмкіндік болмады. Барлығы ат тондарын ала қашады. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері аптасына үш рет рейдке шығады. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін көл бетіне қайықпен шыққандарға да ескерту жасалған.

Балықшылар өздері шығып қана қоймай,кішкентай балаларын да ерте келген. Кейбір балықшылардың маска, қолғаптары да жоқ. Біз ескерту жасадық. Олар үйлеріне қайтарылды. Бұл жолы ескерттік. Келесі жолы балық аулауға шықса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады,–дейді департаменттің жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Науқан Ырыспаев.

Төтенше жағдайдың жарияланғанына да бір айдан асты. Өкінішке орай, елде төтенше жағдай мен карантин ережелерін сақтамайтындар әлі де көптеп кездеседі.

Көкшетау қаласы.

Бөлісу:
Балық аулаймын деп... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар