Биыл «Алтын белгі» қалай беріледі?
<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрлігі осы жылы «Алтын белгіден» 7 мың 444 түлектің үміткер екенін жариялады. Ал мектеп бітірушілері биыл төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын <a href="https://egemen.kz/article/228949-qorytyndy-attestattau-emtikhandary-otkizilmeydi">тапсырмайды</a>. Сонда «Алтын белгі» қалай берілмек?</p>

Бұл сұраққа жоғарыда аталған жауапты ведомство 2017 жылдан бастап ҰБТ-да «Алтын белгіні» растау талап етілмейтінін еске салды.
Осыған орай Білім және ғылым министрлігі:
«5-11-сыныптар аралығында барлық пәндер бойынша қорытынды жылдық бағасы «5» болса және бітіру аттестаттау емтихандарын үздік тапсырса, жеткілікті.
Қазіргі жағдайға байланысты 9, 11-сынып оқушылары бітіру емтихандарын тапсырмайды, сондықтан «Алтын белгі» жылдық қорытынды бағаларының негізінде беріледі», деп мәлімдеді.