Аймақтар
1 мин оқу 540

Шымкент: Төтенше жағдайға байланысты «Call орталық» 10 күнде 13 253 қоңырауға жауап берді

<p>Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы &laquo;Call орталық&raquo; жұмысын бастаған болатын.&nbsp;</p>

Шымкент: Төтенше жағдайға байланысты «Call орталық» 10 күнде 13 253 қоңырауға жауап берді
Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы он күнде тұрғындар қойған 13253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді. 
 
Өз кезегінде орталықтың 39-50-55 нөміріне жалғанған көпканалды телефон тұтқасында отыратын сала мамандары әрбір азаматтың  айтқан сауалына байланысты кәсіби көмек көрсетуде. 
 
2020 жылғы 9-19 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы «Сall орталыққа» түскен сауалдар:
•    Кәсіпкерлік және қала ішіндегі қозғалыс туралы– 6536;
•    Коммуналдық мәселелер бойынша – 2351;
•    Әлеуметтік көмек жайлы – 2310;
•    Блок-бекеттер туралы – 1173;
•    Жолдардың жабылуы мен тасымалдау бойынша – 719;
•    Денсаулык сақтауға қатысты – 119;
•    Дезинфекциялау, қашықтан оқыту және т.б. мәселелер жайлы – 45.
 
Шымкент 
 
Бөлісу:
Шымкент: Төтенше жағдайға байланысты «Call орталық» 10 күнде 13 253 қоңырауға жауап берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар