Қазақстан
1 мин оқу 160
Шекаралық режимді бұзған екі азамат ұсталды
<p class="text-align-justify" style="text-align: justify;">Алматы облысында 2020 жылғы 13 сәуірде шекаралық режимді бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Көрсетілген адамдар сирек кездесетін өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Оларды тексеру барысында өсімдіктерді қазу құралдары мен 2,5 кг-нан астам «сұрғылт түсті сепкілгүл» тамырлары табылды.
Қазіргі уақытта уәкілетті органдар алынған тамырларға сараптама жасауда. Өсімдіктің түрі расталған жағдайда құқық бұзушылар ҚР ҚК 339-бабы «Сирек кездесетін және жоғалып кетуге жақын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөлшектері мен өнімдерін заңсыз алу» бойынша жауапкершілікке тартылады.
Бөлісу: