Аймақтар
1 мин оқу 360
Түркістан: Тағы 5 адам коронавирустан айығып шықты
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында COVID-19 инфекциясынан жазылғандар қатары тағы 5 адаммен толығып, 18-ге жетті.</p>

Ордабасы ауданының 18 жастағы және Кентау қаласының 1994 жылы туған тұрғынының соңғы талдама нәтижелері теріс көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ, Арыс қаласының 1968 жылы, 1988 жылы туған тұрғындары мен 5 жасар баланың COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққаны белгілі болды.
Айта кетелік, Ордабасы ауданының азаматы вирусты Шымкенттен жұқтырса, қалған 4 азамат Нұр-Сұлтан — Шымкент бағытындағы поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.
Түркістан облысы
Бөлісу: