Түркістанда миллион шаршы метрге жуық жер залалсыздандырылды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында дезинфекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде. Тек облыс орталығының өзінде бүгінге дейін 1 млн шаршы метрге жуық жер, яғни 557 нысан толық тазаланып, залалсыздандырылған.</p>

Жолдар, аяқжолдар, аялдамалар, сауда дүкендерінің сыртқы аймақтарында дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қала аумағы 17 секторға бөлініп, залалсыздандыру жұмыстарының көлемі мен нысандары нақтыланған. Арнайы рұқсаты бар 4 дезинфекциялау бөлімі барлық нысандарда жаппай тазарту жұмыстарын атқаруда. Автобус аялдамаларын арнайы нұсқаулықтан өткен бригадалар залалсыздандыруда. Тұрғын үйлердің кіреберістері мен аулалары кестеге сәйкес тазалануда.
Сондай-ақ өңірдегі ауруханаларда залалсыздандыру өткелдері орнатылды. Дезинфекциялық дәліз қабылдау және босану бөлімдерінің кіреберістеріне қойылған. Қызметкерлер және науқастар ғимаратқа кіру үшін сол жерден өтеді. Жалпы, облыстағы медициналық ұйымдарда COVID-19 инфекциясымен күрес жұмыстары барынша қолға алынған.

Түркістан облысы