Православтарды «Ата-ана күнінде» бейіт басына бармауға шақырды

Алматының Жедел штабы «Ата-ана күнінде» бейіт басына бармауға шақырды. Православ дінінің салтына сәйкес, 28 сәуір «Ата-аналар күні» қарсаңында Алматы қаласы әкімдігінің жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөнінде құрылған Жедел штабы індетті ауыздықтау мақсатында тұрғындарға адамдар көп жиналатын жерлерге, соның ішінде, шіркеулер мен бейіттерге бармауға кеңес береді.

Биыл карантинге байланысты зиратқа тек жерлеу рәсімдерін жүргізу үшін баруға рұқсат етілген.
Қаладағы зиратқа адамдардың топтасып жиналуын болдырмау үшін Полиция департаменті кезекшілік ұйымдастырмақ.
Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Астана және Қазақстан митрополиті Александр ғибадатханалардағы Құдайға құлшылық ету салттары жабық режимде өтетінін хабарлаған болатын. Марқұмдардың есімдері жазылған хаттарды заманауи коммуникация құралдары арқылы, яғни электронды пошта немесе мессенджерлерді пайдалана отырып ғибадатханаларға жолдауға болады.
Карантин аяқталғаннан кейін бүкіл Қазақстан бойынша пасхалық сенбілердің бірінде марқұмдарды еске алу үшін құдайға құлшылық ету рәсімдері салтанатты түрде өтеді.