Үкімет
1 мин оқу 1,211

Коммуналдық қызметтер төлеміне көмек

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғын&shy;дардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми&shy;нистрлігі коммуналдық қыз&shy;мет жеткізушілерімен келі&shy;сім&shy;шарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі.</p>

Коммуналдық қызметтер төлеміне көмек

Осылайша карантин енгізіл­ген өңірлерде әкім­діктер тұтыну­шылардың дер­бес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады. Мемлекеттік органдардың ұсы­нысы негізінде төлем алу­шы­лардың келесі санаттары анықталды:

1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;

2) мүгедек балаларды тәр­бие­леп отырған отбасылар;

3) көп балалы отбасылар;

4) Ұлы Отан соғысының мү­ге­дектері мен қатысу­шы­­лары, Ұлы Отан соғы­сы мүге­дектері мен қатысу­шы­ларына теңестірілген тұлғалар;

5) мемлекеттік немесе қо­ғам­дық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;

6) төмен және одан аз зейнет­ақы алатын зейнеткерлер;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Төлемді алу үшін тұ­тынушы ақпараттық жү­йелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеу­меттік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тек­середі, мәліметтер рас бол­ған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.  

Әкімдік тұтынушылардан өтінімдерді қабылдау және олардың растығын тексеруді дұрыстап ұйымдастыруы тиіс.   

Бөлісу:
Коммуналдық қызметтер төлеміне көмек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар