Қаржы
2 мин оқу 150

Тасымал қарқыны төмендеді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық мұнай тасымалдаушы оператор &laquo;ҚазТрансОйл&raquo; компаниясы биылғы алғашқы тоқсандағы жұмыс көрсеткіштерін жариялады. Үш айдың қорытындысы бойынша тасымалдау қарқыны бұрнағы жылдармен салыстырғанда азайғаны байқалады.</p>

Тасымал қарқыны төмендеді

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері магистральды мұнай құбырлары жүйесі арқылы тасымалданған мұнай мен мұ­най өнімдерінің, сондай-ақ ауыстырып құйылған өнімнің жалпы көлемі 10 млн 510 мың тоннаны құрады. Бұл был­тырғы үш айдың көрсеткішінен 535 мың тоннаға аз.

– «ҚазТрансОйл» АҚ магистраль­дық мұнай құбырлары арқылы өткен мұнай көлемі 8 млрд 978 млн тонна/км болды. Бұл да 2019 жылдың алғашқы тоқ­санымен салыстырғанда 347 млн тон­на/км аз. Компанияға қарасты құбыр арқылы жасалған жалпы жүк айналымы 10 млрд 738 млн тонна/км болып, өткен жылмен салыстырғанда 538 млн тонна/км-ге төмендегені анықталды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қаңтар-наурыз айларында еліміз­дегі мұнай өңдеу зауыттарына «Қаз­ТрансОйл» 4 млн 69 мың тонна мұ­най жеткізді. Сөйтіп, көрсеткіш был­тыр­ғыдан 76 мың тоннаға ұлғайғаны анық­талды. Атап айтқанда, Атырау зауы­тына 1 млн 405 мың тонна, «Петро­Қа­зақ­станОйлПродактс» ЖШС-на
1 млн 225 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауытына 1 млн 329 мың тонна, «CASPI BITUM» ЖШС-на 110 мың тонна көмірсутегі жеткізілді.

 «ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдаланып Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю 528 мың тоннаны құрап, былтырғы меже 26 мың тоннаға асыра орындалды. «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 700 мың тоннаға жетті. Атырау мен Маңғыстау облыстарына «Астрахан-Маңғышлақ» су таратқышы арқылы 6 млн 603 мың текше метр су берілгенін айта кету керек. Бұл былтырғы көрсеткіштен 231 мың текше метрге көп.

Бөлісу:
Тасымал қарқыны төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар