Қоғам
2 мин оқу 930

Мұнай өңдеу зауыттары жұмысын тоқтатқан жоқ

<p style="text-align: justify;">Елімізде мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеді. &laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнай өңдеу зауыттары ең төменгі қуатпен жұмыс істеуге көшкен.</p>

Мұнай өңдеу зауыттары жұмысын тоқтатқан жоқ

Қазақстанда мұнай өңдеумен төрт зауыт айналысады. Олар: Аты­рау мұнай өңдеу зауыты, Пав­лодар мұнай-химия зауыты, «Пет­ро­Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, сондай-ақ «CASPI BITUM» битум зауыты.

– 2020 жылғы сәуір айында мұнай өнімдерінің негізгі түр­леріне сұраныс айтарлықтай төмен­­деді. Атап айтқанда, авто­бен­­зин мен дизель отынына сұра­ныс 40%-ға, ал авиациялық отын­ға 70%-ға азайды. Бұл мұ­най өң­деу зауыттарына мұнай жет­­к­і­зу­шілерден келіп түсетін өті­­нім­­дер динамикасына жасалған талдау­дың нәтижесі бойынша раста­лып отыр, – деп хабарлады ұлт­тық ком­панияның баспасөз қызметі.

Қоймаларда мұнай өнімдерінің шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ-дерінде өңдеу қарқыны көлемдері ең төмен деңгейге дейін азайтылып, зауыттар жұмысы үздіксіз жалғасуда.

Коронавирус пандемиясына байланысты наурыздың 15-нен бастап зауыттарда арнайы штабтар жұмыс істеуді бастағанын айта кетейік. Штабтар жұмысты Ұлттық компанияның орталық штабымен күн сайын үйлестіріп отырады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаздың» бас­­пасөз қызметі:

– Індеттің алдын алу бойынша арнайы шаралар қабылданды. Атап айтқанда, әкімшілік және өндірістік нысандарда сани­тар­­лық-дезинфекциялық және бақы­лау-өткізу тәртіптері күшей­тілді. Кәсіпорындарда әкімші­лік қыз­мет­керлердің 70%-ы қашық­тан жұмыс істеу режіміне көшті. Зауыт қызметкерлеріне құрылым­дық бөлімшелер арасында жүріп-тұруға шектеу қойылды. Қызмет­керлердің денсаулығын қадағалау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі, үй-жайлар мен ғимараттарда, көлік құралдарына және зауыттарға тиесілі аймақ­тарда тазалық жұмыстары үнемі атқарылып тұрады, – дейді.

«ҚазМұнайГаз» зауыттарды кемінде 2 айға жететіндей мөл­­­шерде сумен, азық-түлікпен, бірін­ші кезектегі аса қажет тауар­лар­мен, жеке қорғаныш құралда­ры­мен қамтамасыз етуде. Бар­лық жұ­мыс­шыларға жеке қор­ғаныш құрал­дары – медициналық маска, нит­рил қолғаптары, бак­те­рияға қарсы құралдар берілген.

Бөлісу:
Мұнай өңдеу зауыттары жұмысын тоқтатқан жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар