Білім
1 мин оқу 160
Студенттер дипломды қашықтан қорғайды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов онлайн-конференцияда айтты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздегі жоғары оқу орындары 16 наурыздан бастап қашықтан оқытуға көшті. Осыған орай министрлікте бірқатар университеттердің ректорларымен дипломдық жұмыстардың қорғалу жайы талқыланды. </p>

Министрдің орынбасары егер карантиндік шектеулер алынбаса, онда дипломдық жұмыстар қашықтан қорғалатынын жеткізді. Өйткені, оның айтуынша, студенттер дипломдық жұмыстарын ақпан-наурыз айларында алдын-ала қорғаған болатын. Демек, негізгі жұмыс атқарылды. Сондықтан дипломдық жұмыстарды төтенше жағдайда қашықтан қабылдауға әбден болады.
Бөлісу: