Қазақстан
1 мин оқу 301

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, шанды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі. Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметі хабарлады. </span></p>

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің хабарлауынша, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, екпіні 23 м/с күшейеді. Кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Атырау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Бөлісу:
22 сәуірге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар