Қостанайда провизорлық емхана ашылды
<p style="text-align: justify;">Карантин жағдайында облыс орталығындағы №4 емхана жанынан провизорлық емдеу мекемесі ашылды. 30 төсек-орындық уақытша емханада қазір 15 адам жатыр. Емхананың жүкті әйелдерге арналған бөлек бөлмесі, жансақтау бөлімі бар. Қазіргі талапқа сай «Таза» және «залалды» аумаққа бөлінген емханада екі эпидемиолог жұмыс істейді. </p>

Провизорлық емхана пневмония, бронхит белгілері байқалған, сондай-ақ суық өткен, тұмау тиген тұрғындарды қабылдайды. Қаланың қай түпкірінен хабарласса да, науқас жедел жәрдем көлігімен дереу осында жеткізіледі. Мұнда арнайы медициналық тексеруден өтіп, індет белгілерінің бар-жоғы анықталады.
Қостанайдағы емхана елімізде ашылған бесінші провизорлық емдеу мекемесі.
Қостанай облысы