Аймақтар
1 мин оқу 230

Байқоңыр: 33 әкімшілік іс қаралды

<p style="text-align: justify;">ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында &nbsp;&laquo;Батыс Еуропа &ndash; Батыс Қытай&raquo; тасжолына екі тосқауыл бекетін қойып, қалада карантиндік талаптардың сақталуын қадағалауда. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Байқоңыр: 33 әкімшілік іс қаралды

Алайда ескертуді елемейтіндер де көбейіп отыр, ғарышкерлер қаласында жүргізілген рейдтер төтенше жағдай талаптарын бұзудың 61 дерегін анықтады.

Соңғы тәулік ішінде 100-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 8 құқық бұзушылық белгілі болған. 

Қазіргі таңда орын алған 61 факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жолданып, 33 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралды, онда 17 адамға айыппұл салынса, 16 тұрғын әкімшілік қамаққа алынған. 

Бөлісу:
Байқоңыр: 33 әкімшілік іс қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар