Аймақтар
1 мин оқу 170

Алматыда коронавирус инфекциясына тегін тексерілуге болады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин баспасөз брифингінде журналистердің көптеген сауалдарына жауап беруге ұмтылды.</p>

Алматыда коронавирус инфекциясына тегін тексерілуге болады

– Қазіргі  күндері жедел-тест тегін жүргізіліп жатыр. Осы бір-екі күнде тағы 200 мыңдай тест келіп түседі. Тегін тест біріншілік көмек көрсететін амбулаториялар мен емханаларда жасалады, – деді Алматының Бас санитарлық дәрігері. 

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин міндетті тест тапсыруға тиісті ұйымдардың тізімі қосымша жарияланатындығын атады.

Мұндай тәуекел-тобына медициналық ұйымдардың, әлеуметтік мекемелердің, полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, кассирлер және адамдармен тікелей байланыста қызмет істейтін мамандық иелері жатады.

 

 

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматыда коронавирус инфекциясына тегін тексерілуге болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар