Қазақстан
1 мин оқу 165

Індеттің апталық өсу қарқынын 5 пайызға дейін азайту көзделеді – бас санитар

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.</p>

Індеттің апталық өсу қарқынын 5 пайызға дейін азайту көзделеді – бас санитар

«Қазіргі кезде елде коронавирус инфекциясымен сырқаттану саны көбейіп, өршіп тұр. Эпидемиологиялық тұрғыдан бізге аурудың өсу қарқыны маңызды. Себебі бұл эпидемияның таралуын нақты көрсетеді. Сонымен қатар сәуір айынан бастап қауіпті топқа жататын адамдарға зертханалық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл да аурудың таралуына әсер етті» деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде вирустың өсу қарқыны 8 пайызды құрап отыр. 

«Ауруға шалдығу фактілерінің өсуі үш ай бойына, атап айтсам, наурыз, сәуір, мамыр айларында байқалады.  Осыған байланысты біз қазір өршу кезеңіндеміз. Біздің мақсатымыз - апталық өсу қарқынын 5 пайызға дейін, одан кейін 1 пайызға дейін азайту. Бүгінде өсу қарқыны 8 пайызды құрап отыр. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін 2 700 адамға дейін коронавирус жұқтыруы мүмкін. Мамыр айының соңына дейін 4 мыңға жуық адам індетке шалдығуы ықтимал» деді Айжан Есмағамбетова.

Бөлісу:
Індеттің апталық өсу қарқынын 5 пайызға дейін азайту көзделеді – бас санитар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар