Аймақтар
1 мин оқу 650

Қостанайда 2 көп қабатты тұрғын үй карантинге жабылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қостанай қаласында екі адамнан COVID-19 анықталуына байланысты, кешкі сағат 20.00-де облыс орталығындағы&nbsp; екі көп қабатты тұрғын үй карантинге жабылды.</p>

Қостанайда 2 көп қабатты тұрғын үй карантинге жабылды

Өңірлік жедел ақпарат штабының мәліметінше, Нариманов көшесіндегі №71 үй толық жабық. Мұнда 72 пәтер бар. Ал Л.Беда көшесіндегі 44-үйдің бірінші кіреберіс дәлізі ғана жабылған.  Мұнда 45 пәтер бар.  Қазір сыртқы кіреберіс есіктерге турникет орнатылып, полиция күзеті қойылған. Екі үйдің де тұрғындары  ас-су жеткізу қызметін пайдалана алады. Олардың туыстарына да азық-түлік жеткізіп беруге рұқсат етілген.      

 Қостанай

Бөлісу:
Қостанайда 2 көп қабатты тұрғын үй карантинге жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар