Аймақтар
1 мин оқу 260
Шымкентте тіркелген 28 науқас ауырғандармен байланысқан
<p style="text-align: justify;">Вирус жұқтырған 28 азаматтың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.</p>

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы барлығына қойылды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емді қабылдап жатыр.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
22.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 131 адам анықталған.
Бөлісу: