Саясат
1 мин оқу 283

Жұмысын қайта бастаған кәсіпорындар қатары көбейіп келеді

<p style="text-align: justify;">Үкімет эпидемиялық жағдайды ескере отырып, тағы бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр.</p>

Жұмысын қайта бастаған кәсіпорындар қатары көбейіп келеді

Президент Қ.Тоқаевтың тап­сырмасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік ко­мис­сия 20 сәуірден бастап қа­таң санитарлық-эпидемиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Ал­маты қалаларында жұмы­сын қайта бастайтын кәсіп­кер­лік субъектілерінің қыз­мет түрлерінің тізімін бекіт­кен болатын. Осылайша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­ларында карантиндік режім жеңілдетіліп, сани­тар­лық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бір­қа­тар саласындағы кәсіп­орын­дар жұмысын бастап кетті.

Эпидемиялық жағ­дай­ды ескере отырып, ка­рантин­дік режімге өзгерістер енгі­зу және біртіндеп же­ңіл­де­ту бойынша тиісті ше­шім қабылданатын болды. Пре­мьер-Министр Асқар Мамин эпидемиялық жағ­дай­ды ескере отырып, басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъек­тілеріне жұмысты жал­ғас­­тыруға рұқсат беріле­тінін айтты. 

– Мұндай жұмыс ел­дің бас­қа өңірлерінде де жүр­гізіледі. Дегенмен, бұл сани­тарлық-эпидемиялық қауіп­сіз­дік қатаң сақталған жағ­дай­да ғана мүмкін болады, – деген Үкімет жетекшісі Ден­­­сау­лық сақтау министрі Ел­­жан Бір­тановқа мәселені қа­таң ба­қы­лауда ұстауды тап­сырды.

Осыған байланысты Ал­ма­ты қаласының әкімі Бақыт­жан Сағынтаев Іскер­лік кеңесінің отырысын он­лайн режімде өткізіп, онда карантин жағдайында кәсіп­орындардың қызметін қайта бастау мәселелерін талқылап, кәсіпкерлермен ақылдасты. Онда Exit Strategy аясында жүзеге асырылатын қаланың экономикалық белсенділігін қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспары талқыланды. Сонымен қатар Алматыда орна­ласқан отандық тауар өн­дірушілердің жеке қорға­ну құралдарын, оның ішін­де медициналық бетпер­делер мен қорғаныш костюмдерін дайындауға қатысу мәсе­ле­лері көтерілді.

Бөлісу:
Жұмысын қайта бастаған кәсіпорындар қатары көбейіп келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар