Коронавирус
2 мин оқу 958

Вирус жұқтырғандар саны 2700-ге жетуі мүмкін

<p style="text-align: justify;">Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі коронавирустық инфекцияның ағымдағы жағдайына арналған онлайн баспасөз мәслихатын өткізген Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде 40 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғанын айтты.</p>

Вирус жұқтырғандар саны 2700-ге жетуі мүмкін

Коронавирус бойынша еліміздің ағымдағы жағдайына тоқталған Бас санитар: «Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтардың 60 пайызының ауру жағдайы жеңіл немесе симптомсыз өтуде. 13 науқастың хәлі орташа болса, 21 адам ауыр күйде жатыр. Ал 6 пациент  аса ауыр хәлде. Инфекция ошақтарынан коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 39 585 адам анықталды. Оның 38 693-ы (98 пайызы) анықталып, оқшауланды. Соңғы аптада аурудың жұғу деңгейі 10 пайызды көрсетті. Өткен тәулікте бұл көрсеткіш 8 пайызды құрады. Жекелеген өңірлерде инфекцияның таралу деңгейі 20-60 пайыздық деңгейде», деді.

Болжам бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны сәуір айының соңында 2700 адамға, мамыр айының соңында 4 мыңға жуықтайтынын жеткізген Айжан Есмағамбетова Рамазан айы кезінде халықты инфекция жұқтырып алудан сақ болуға шақырды. «Коронавирус инфекциясының ауа арқылы таралатынын тағы да еске салғым келеді. Адаммен жақын байланыста болған уақытта түшкіру немесе жөтелу, әңгімелесу кезінде, гигие­наны сақтамай вирус жұққан заттарды ұстағанда да коронавирус жұғуы мүмкін. Сондықтан Рамазан айында да жылдағыдай жиналмауымыз керек. Ораза ұстаған кезде де абай болған жөн. Мәселен жасы келіп қалған немесе ауруы бар азаматтар сақтанбаса коронавирус инфекциясының ауыр түрін жұқтырып алуы мүмкін. Ағзаға ақуыз бен майлар, дәрумендер жеткілікті дәрежеде жетіспесе иммунитет әлсірейді. Ал иммунитеті төмен адам инфекцияны тез қабылдайды. Сол себепті ораза ұстағысы келетін азаматтар тамақтың толыққанды рационын тұтынуы тиіс», деді А.Есмағамбетова. 

Бөлісу:
Вирус жұқтырғандар саны 2700-ге жетуі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар