Қоғам
1 мин оқу 392

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">23 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлады&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК.</p> <p>&nbsp;</p>

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Жекелеген аумақтарда тұман күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 артады. күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Сондай-ақ дауыл тұруы мүмкін. Ақмола облысында бұршақ болжанады. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Бөлісу:
23 сәуірге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар