Коронавирус
1 мин оқу 540

Қызылорда: Алты науқас та облыс орталығынан анықталды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында кешегі тәулікте коронавирус жұқтырған 6 адам анықталып, ауруға шалдыққандар саны 157-ге жетті.</p>

Қызылорда: Алты науқас та облыс орталығынан анықталды

Өңірлік коммуникация қызметінде брифинг берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов жаңадан тіркелген 6 науқастың да қаладан шығып отырғанын айтты.

- Олардың үшеуі алдында науқаспен қарым-қатынаста болғандар есебінде карантинге жатқызылғандар. Екеуі қала іргесіндегі Талсуат елді мекенінде әлеуметтік қызмет алушылар, ал біреуі Атырау облысында вахталық жұмыс істейін қала тұрғыны, – деді облыстың бас дәрігері.

Қазір олар ауруханаға жатқызылып, тиісті ем-шаралары басталды. Жалпы облыс бойынша 2234 адам науқастармен қарым-қатынаста болғандар есебінде бақылауда тұр.

Бөлісу:
Қызылорда: Алты науқас та облыс орталығынан анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар