Қазақстан
1 мин оқу 246

ШОБ субъектілерін қолдау мақсатында салалық шектеулер алынып тасталды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;Кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов айтты.</p>

ШОБ субъектілерін қолдау мақсатында салалық шектеулер алынып тасталды

«Вирустық инфекцияға байланысты жарияланған карантин мен мәжбүрлі шектеу шаралары шағын және орта бизнес қызметіне кері әсерін тигізіп отыр. Атап айтсам, негізгі зардап шеккендер қатарына қоғамдық тамақтандыру, қонақүйлер, ірі сауда орталықтары, білім беру қызметі, көлік қызметі және тағы басқа халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлік субьектілер. Өзінің қызметін мәжбүрлі түрде тоқтатқан шағын және орта бизнес кәсіпорындарының толық тізбесі емес» деді Шыңғыс Ахметов.

Оның айтуынша, бұған дейін де ел Президентінің тапсырмасымен ШОБ субъектілерін қолдау үшін бірқатар шара қолға алынған.

«Қазіргі жағдайға байланысты министрліктің алдында дағдарысқа қарсы жедел шараларын әзірлеу міндеті тұр. Өздеріңіз білетіндей, Үкімет пен Мемлекет басшысының тапсырамасымен және Үкімет шешімімен салықтық ынталандыру, коммуналдық қызметтерді төлеуді кейінге қалдыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыру, жеңілдіктерін қаржыландыруға қол жеткізу сияқты бірқатар шара қабылданып отыр» деді ол.

Бөлісу:
ШОБ субъектілерін қолдау мақсатында салалық шектеулер алынып тасталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар