Қазақстан
1 мин оқу 433

Биыл 10 000 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

<p style="text-align: justify;">Биыл &laquo;Нұрлы жер&raquo; бағдарламасы бойынша республика бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй (150 мың тұрғынжай), оның ішінде мемлекеттік инвестициясы &nbsp;есебінен 2,1 млн шаршы метр (37179 тұрғынжай) әлеуметтік және кредиттік тұрғын үй салу жоспарланып отыр.</p>

Биыл 10 000 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Статистика комитетінің алдын ала деректері бойынша 2020 жылғы  қаңтар-наурыз аралығында қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 282,9 млрд теңге инвестиция жұмсалды немесе 2019 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 16,3% құрайды. 

Жалпы алаңы 2 641, 628 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 96,4%-ды құрады.

Барлығы республика бойынша 21 069 бірлік тұрғын үй, оның ішінде 9 969 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, сатып алу мүмкіндігісіз жалға берілетін тұрғын үй салуға (сатып алуға) республикалық бюджеттен 90 млрд теңге сомасына қаражат бөлінді.

2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әкімдіктерге 4,8 млрд теңге аударылып, бұл қаражаттың 4,7 млрд теңгесі немесе 97,8%-ы игерілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына 34 млрд теңге бөлінбек. Бұл тағы 4 000 отбасын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 10 000 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жыл соңына дейін 3 000 жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 14,4 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Бөлісу:
Биыл 10 000 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар