Жаңалықтар
1 мин оқу 200

Ауғанстандағы АҚШ консулдығына шабуыл жасалды

13 09-Aughanstan policiaБүгін террористер тобы Ауғанстанның солтүстік-батысында орналасқан Герат қаласындағы АҚШ консулдығына шабуыл жасады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, мекеме жанында миналанған автокөлік жарылған. Артынан содырлар мен жанкештілер ғимаратқа кіріп, оны жаулап алмақ болған. Ауған құқық қорғау органдарының дерегіне сүйенсек, әзірге бір лаңкес пен екі күзетшінің қаза тапқаны белгілі болып отыр. Кем дегенде он адам, оның ішінде бейбіт тұрғындар жарақат алған. Бірнеше ғимаратқа зақым келтірілген көрінеді.

Айдар Өрісбаев.

Бөлісу:
Ауғанстандағы АҚШ консулдығына шабуыл жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар