Коронавирус
1 мин оқу 140
Теміртау тұрғынының COVID-19 жұқтырғаны анықталды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Теміртау қаласының 33 жастағы тұрғынының коронавирус жұқтырғаны зертханалық негізде расталды. Науқас бұрын карантиндік госпитальға жатқызылған екен.</p>

Қазіргі уақытта облыста COVID-19 жұқтырудың 103 оқиғасы тіркелген. Бір адам індеттен қайтыс болып, 19 науқас жазылып шықты.
Провизорлық стационарлардағылардың саны 207 адамға жетті, карантиндік госпитальдарға 476 адам жатқызылған. Үй карантинінде 2 504 адам отыр, ал 404 адам одан шығарылды.
Бөлісу: